29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыДзюдодан Азия чемпионатының үшінші күнінде төрт қазақ спортшы жұбаныш белдесуінде күреседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентігі.
Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатында отандастарымыз ширек финалдық кезеңде қарсыластарына есе жіберіп, жұбаныш белдесуіне жолдама алды.
Атап айтар болсақ, 90 келіге дейінгі салмақта Мейірлан Максим жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы жапондық Комей Кавабатадан Golden Score-да жеңіліп қалды. Ал Ермахан Әнуарбеков тәжік спортшысы Умеджон Ражабовпен белдесуде есе жіберді.
+78 кг салмақта Назгүл Маратова қытайлық Ниу Синраньмен өткен кездесуде соңғы секундтарда жеңіліп, жұбаныш белдесуіне өтті. Ақерке Рамазанова да ширек финалда оңтүстіккореялық Хёнджи Лиден ұтылып, енді жұбаныш белдесуде күреседі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек