12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСу добынан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz.
Таиландтың Самутпракан қаласында өткен құрлықтық додада еліміздің ерлер құрамасы бүгін, 14 қарашада 3-орын үшін кездесуде Ираннан 8:5 есебімен басым түсті.
Топтық кезеңде А тобында сынға түскен ел құрамасы Оңтүстік Кореяны 6:5, Таиландты 15:4, Үндістанды 17:4 есебімен жеңсе, Иранға 10:11 есебімен есе жіберді.
Ширек финалда Сингапурды 18:8 есебімен қапы қалдырса, жартылай финалда Жапонияға 4:20 есебімен жол берді.
Еліміздің ерлер құрамасы Азия чемпионатында 2012 жылы чемпион атанса, 2009 жылы күміс, 2015 жылы қола медаль алды.
Ал еліміздің әйелдер құрамасы 3-орын үшін ойында Таиландты 14:5 есебімен тізе бүктірді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер