Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТаиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының алты боксшысы шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың бесеуі жеңіске жетті. Өкінішке қарай, 60 келі салмақтағы Бейбарыс Жексен 1/4 финалда қарсыласы тәжікстандық Акмал Убайдовқа есе жіберіп, жарыстан шығып қалды.
80 келі салмақта Ерасыл Жақпеков жартылай финалға өтті. Ол ширек финалда Сағын Сатыбалдыұлынан басым түсті.
52 келіге дейінгі салмақта Жазира Орақбаева 1/4 финалда қарсыласы тайбэйлік Ю-Тин Луоны бірінші раундта екі рет нокдаунға жіберіп, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Ерлер арасында 57 келі салмақта Оразбек Асылқұлов таиландтық Чуджан-Ат Пануватты жеңді.
Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта Ұлжан Сәрсенбек сәтті өнер көрсетуде. Ол вьетнамдық Тран Нгуеннен айласын асырып, жарыс жолын жалғастыруда.
60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ол тайбэйлік Чен Енді жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, жартылай финалға шыққан барлық боксшылар кем дегенде қола медальға қол жеткізді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?