23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Айша Омарова ел қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды El.kz.
Спортшы байрақты бәсекеде 81 келіге дейін салмақта ел намысын қорғады. Қоссайыс нәтижесінде Омарова 217 (93+124) келіні бағындырды.
Құрлықтың маңызды турнирінде бірінші орынды Сейедехелхам Хоссейни (Иран) жеңіп алды. Ол 227 (102+125) келіні көтерді. Күміс медальға Мотока Накажима (Жапония) қол жеткізді. Оның 223 (100+123) келіні бағындырғаны белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай ел қоржынына "алтын" салған еді. Ал Арли Чонтей мен Арай Нұрлыбекова Азия чемпионатында екінші орынды қанағат тұтты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік