Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыКузбастағы қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» ойындарында Қазақстан құрамасының 2 спортшысы тұғыр биігіне көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шорт-тректен 1500 метрге қыздар арасындағы жарыста Малика Жолтабар қола алса, ұлдардан осы қашықтықта Мейіржан Төлеген күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, финалға үш қазақстандықтан шыққан. Қыздар арасында Нұрия Алпысбай 4-ші, Айсара Лабиб 5-орыннан көрінді. Бұл жерде Мәскеу құрамасының шорт-трекшісі Анастасия Баранова жеңіске жетсе, күміске Орал федералды округынан келген Ксения Прибятова ие болды.
Ұлдар арасында (1500 м) Әліби Әлімгереев 5-ші, ал Ерасыл Шыңғысхан 6-шы болып мәре сызығын қиды. Мұнда алтын мен қола Мәскеу құрамасының спортшылары Андрей Петров пен Владимир Панферовтің еншісінде.
Сондай-ақ 3 мың метрге аралас эстафета өтіп, Қазақстан құрамасы финалға дейін жетті. Алайда жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.
Қазір Қазақстан делегациясы жалпы есепте 1 күміс, 1 қоламен 3-орынға жайғасты. Ертең шорт-трекшілер 500 және 1000 метрде үздіктерді анықтайды. Сонымен қатар:
-шаңғымен тұғырдан секірушілер «Азия балалары» ойындарындағы алғашқы жүлде жиынытығын сарапқа салады;
-хоккейден Ұлттық құрама Кузбасс аймағының командасымен ойнап, плей-офф жолдамасының иегерін анықтайды;
-қыздар 5 шақырымға шаңғымен жарысады.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады