Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында музей ісіне жарты ғасырға жуық өмірін арнаған руханият жанашыры Жүзбаева Рахия Сүлейменқызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Музейде өрнектелген өмірім» атты көрме ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Көрмеде Рахия Сүлейменқызының музей ісіндегі табанды еңбегі мен рухани қызметін айғақтайтын фотосуреттер, ғылыми мақалалары, марапаттары мен естелік материалдары көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, ардақты тұлғаның өмір жолы мен кәсіби қызметін қамтыған бейнеролик көрсетілді.
Салтанатты жиынға Рахия Сүлейменқызының әріптестері, шәкірттері, бірге оқыған достары мен туыстары, сонымен бірге ғалымдар, облыстық әжелер алқасының мүшелері және мәдениет саласының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар мерейтой иесіне ел мәдениеті мен музей ісін дамытудағы еңбегіне жоғары баға беріп, жылы лебізін білдірді. «Музейде өрнектелген өмірім» көрмесі отандық музей ісінің дамуына сүбелі үлес қосқан тұлғаның еңбегін дәріптеу мен келер ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары