23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке қатысты қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Барменқұловтың сөзінше, баспасөз конференциясында қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні келек еткен бас бапкерге айыппұл салынғанын алға тартты.
Қателіктер бар, біз бұл туралы тілшілермен де сөйлестік. Черчесовтің әзілі шектен шықты. Өз басым онымен сөйлесіп, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен маңызы туралы түсіндірдім. Онымен әңгімелесу жүргізілді. Оған айыппұл салынды, - деді Барменқұлов.
Кешелі бері әлеуметтік желілерде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы видео тарады. Туризм және спорт министрлігі бұл жағдайға бейжай қарамай, Қазақстан футбол федерациясына ресми хат та жолдаған еді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік