13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАстана халықаралық әуежайында Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарына қатысқан академиялық ескек есуден Қазақстан құрамасының спортшыларын қарсы алды.
Қазақстан құрамасы бұл спорт түрінен құрлықтық додаға 17 спортшымен қатысып, бір алтын медаль жеңіп алды. Владислав Яковлев пен Иван Чернухин жұбы академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанып, Қазақстан тарихында осы спорт түрінен алғашқы алтын жүлдені иеленді.
Владислав Яковлев үшін бұл — бесінші Азия ойындары. Бұған дейін ол 2014 жылы Инчхонда өткен жарыста қола медаль жеңіп алған. Спортшы биылғы алтын жүлдесін ерекше бағалайтынын айтты.
Өзімді, командамды және елімді мақтан тұтамын. Бұл — менің бесінші Азия ойындарым. Бұған дейін төрт рет қатысып, алтын ала алмадым. 2014 жылы Инчхонда қола медаль жеңіп алдым. Кейін жекелей сында өнер көрсетіп, бірнеше рет жүлдеге жақын болдым. Сондықтан бесінші Азия ойындарында алтын алу өте қуанышты. Біз осы мақсатқа жетуге дайындалдық. Жоспарланған жұмыстың бәрі атқарылды. Жарыс тартысты өтті, біз тек өз міндетімізді орындадық, — деді Владислав Яковлев.
Ал Иван Чернухин үшін Азия ойындарындағы бұл — алғашқы жарыс. Ол тәжірибелі серіктесінің қолдауы толқуын басуға көмектескенін атап өтті.
Владислав төрт Олимпиадаға қатысқан, ал бұл — оның бесінші Азия ойындары. Мен үшін алғашқысы. Оның тәжірибесі маған қобалжымауға көмектесті. Бірде қолдау көрсетті, бірде бағыт берді. Екеуміздің үйлесіміміз жақсы болды, — деді Иван Чернухин.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері — Асылан Құсайынов. Ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларды елордада қарсы алып, Азия ойындарындағы нәтижесі үшін алғыс білдірді. Спортшыларға алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тіледі.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды