Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЕліміздің 13 аймағында қысқы спорт түрлері дамыған. Биыл қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында шетелдегі оқу-жаттығу жиындарына 500 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Трамплиннен секіруге 40 млн теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Ал, шорт-трек, коньки тебу және мәнерлеп сырғанау бойынша Астанадағы халықаралық стандарттарға сай жасалған «Алау» мұзайдынында оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. А. Имашевтің пікірінше, қазақстандық спортшылардың бүгінгі таңдағы жетістіктері аз емес. Алдағы Азия ойындарында хоккей спортынан алға қойылған міндеттеме – алтын медаль алу.
Мәнерлеп сырғанауды бұқаралық спорт деуге болады. Көптеген жеткіншектер қатысады. Шорт-тректің жетістіктерін айтсақ, соңғы әлем чемпионатында Денис Никиша 2-орын алды. Бұл – тарихи медаль. Әлем кубоктарының этаптарында жүлдесіз қалып жатқан жоқпыз. Абзал Әжіғалиев, спорт жолында келе жатқан жас Әділ Ғалиахметов сияқты спортшылар бар. Шорт-тректе қазақстандық стиль қалыптасқан. Оны үлкен жарыстарда мойындатып жүр. Жүлделі ойындарға ие боламыз деп ойлаймыз, – деді спикер.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс