6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерХанчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында дүйсенбі, 2 қазан күні қазақстандық спортшылар жеті медаль жеңіп алды. Оның біреуі алтын, екеуі күміс және төртеуі қола медаль, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапында Тимур Хайдаров пен Сергей Емьяновтан бар Қазақстан командасы Жапония мен Иран спортшыларынан озып, 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды.
Ұлттық құрама қоржынына күміс медальдарды ескек есуден екі әйелдер командасы әкелді: Мария Боровкова мен Руфина Искакова (каноэ, 500 м), сондай-ақ Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова (байдарка, 500 м).
Мария Боровкова / ©Olympic.kz/Сали САБИРОВ
Кирилл Тубаев (байдарка, 1000 м) және Тимофей Емельянов (каноэ, 1000 м), гимнаст Виктория Бутолина (батут), сондай- Дмитрий Коблов, Александра Залюбовская, Дэвид Ефремов және Аделина Земс 4x400 метрлік аралас эстафетада бақ сынап, қола медаль жеңіп алды.
©Olympic.kz/Сали САБИРОВ
Азия ойындарының 9-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 4 алтын, 7 күміс және 27 қола медаль бар.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі