Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТуризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Азия ойындарында Қазақстан командасы 29 қыркүйек күні бір күміс және үш қола медаль жеңіп алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов бар семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азиаданың күміс медалін жеңіп алды. Финалда біздің спортшылар Жапонияның командасынан (35:36) жеңіліп қалды. Велотректен Қазақстан ерлер құрамасы (Рамис Дінмұхамедов пен Артем Захаров) мэдисон бағдарламасының финалында 37 ұпай жинап, 3-ші орынға ие болды, - деді министр.
1: 52: 25 уақыт аралығында үш кезеңнен өткен Аян Бейсенбаев триатлоннан қола медаль жеңіп алды.
Жеңіл атлетикадан еліміздің қоржынына алғашқы жүлдені Каролин Чепкоеч Кипкируи салды. 10 шақырымдық жарыста ол үшінші келді.
Шахматтан әйелдер құрамасы бірінші турда БАӘ командасын 4:0 есебімен жеңді, ерлер құрамасы Таиландтан 3,5:0,5 есебімен озық шықты. Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азиададағы 4-ші матчта Таиланд командасын 13:8 есебімен жеңді. Хоккейден Қазақстанның әйелдер командасы Индонезиядан келген қарсыластарын 2:1 есебімен жеңді, - делінген Ермек Маржықпаевтың жазбасында.
92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшы Сағындық Тоғайбай Ираннан келген қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, Азия ойындарының жартылай финалына шықты. Ал Карина Ибрагимова (57 кг) Солтүстік Кореядан келген спортшыны жеңді.
6-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 19 қола жүлде бар.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар