1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіТаеквондодан Аичи-Нагоядағы (Жапония) XX жазғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды.
Төрт жылда бір рет өтетін дода 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанда аяқталады. Азия ойындарындағы таеквондо жарыстары 1-3 қазан аралығында Нагоя қаласында өтеді.
Әйелдер:
49 келіге дейін: Рита Бакишева
57 келіге дейін: Тоғжан Қазынабек
67 келіден жоғары: Назым Махмұтова
Ерлер:
58 келіге дейін: Тамирлан Тілеулес
68 келіге дейін: Самирхон Абабакиров
80 келіге дейін: Батырхан Төлеуғали
80 келіден жоғары: Бейбарыс Қаблан
Ханчжоуда қандай нәтиже тіркелді?
2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы барлығы 80 медаль жеңіп алды. Қоржынға 10 алтын, 22 күміс және 48 қола жүлде түсті. Қорытынды есепте Қазақстан құрамасы 11-орынға тұрақтады.
Сол додада таэквондодан ұлттық құраманың спортшылары Дениз Жансель (+67 кг) бен Смайыл Дүйсебай (+80 кг) Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?