Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыӘлижан Аблағатов Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында ушудан алғашқы медальді жеңіп алды.
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушудан жартылай финал жекпе-жектері өтіп жатыр. 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлижан Аблағатов ирандық Мохаррами Пирагоммен финал жолдамасын сарапқа салды. Отандық спортшы барын салғанымен, жекпе-жек қарсыластың пайдасына шешілді.
Осылайша, Әлижан Аблағатов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл - Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.
Сондай-ақ 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Абдурашид Абдуллаев Азия ойындарының алтыны үшін айқасады. Ол жартылай финалда Тайбэй өкілі Хуан Жангпен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ертең отандасымыз финалда Иран өкілі Сохеил Мусавимен кездесіп, жүлдеге таласады.
Ханчжоуда қанша жүлде түсті?
2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ел құрамасы атынан ушу-саньда спорт түрінен 5 спортшы сынға түсті. Әйелдер арасында 52 келіде өнер көрсеткен Аян Тұрсын қола жүлде жеңіп алды. Одан бөлек мынадай спортшылар ел намысын қорғады:
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар