7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?12 ақпандағы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шаңғы жарысы: Әйелдер командасы арасындағы эстафетада (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге екінші келіп, күміс жүлдегер атанды. Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.
Ал ерлер құрамасы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді. Қазақстан ерлер құрамасы (4×7.5 км) мәреге үшінші келіп, қола жүлдеге ие болды. Жарыс жолына Константин Борцов, Наиль Башмаков (классикалық әдіс), Олжас Климин мен Владислав Коволёв (еркін әдіс) шықты.
Ски-альпинизм: Аралас жұптық сында Қазақстан құрамасы (Нияз Жанзақов пен Әсем Назырова) финалда 8-сатыға тұрақтады. Нәтижесі - 36:43.77 секунд.
Шайбалы хоккей: Еліміздің әйелдер командасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Жапонияға жол берді. Есеп: 0-4.
Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші кездесуінде Корея спортшыларынан 2:8 есебімен жеңілсе, екінші матчта Таиланд құрамасынан 9:1 нәтижесімен басым түсті.
Ал ерлер құрамасы Қырғызстаннан айласын асырды - 6:3.
Мәнерлеп сырғанау: Әйелдер арасындағы қысқа бағдарламада Софья Самоделкина әзірге 4-сатыға жайғасса, София Фарафонова 9-орында тұр.
Мұздағы би жарысында Бойсангр Датиев пен Гауһар Наурызова Азиаданы 5-орынмен аяқтады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?