1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіШығыс Қазақстан облысында әжетханада студент қызды соққыға жыққан оқушыға қатысты қылмыстық іс аяқталып, іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақпараттың хабарлауынша, оқиғаға кәмелетке толмаған жеті баланың қатысы бар. Тәртіп сақшылары тергеу барысында олардың барлығынан жауап алды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары аяқталды. Прокуратура тергеудің барлық материалдарын зерделеп шықты. Іс сотқа жолданды, - делінген ақпаратта.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соттың алғашқы отырысы 5 мамыр күні өтеді.
Еске салсақ, сәуір айының басында оқушы қыздың колледж студентін соққыға жығып жатқаны туралы видео әлеуметтік желіде тарап, көптің қызу талқысына түскен еді. Белгілі болғандай, бұл оқиға наурыз айында Өскемендегі «АДК» сауда орталығының әжетханасында болған.
Көп ұзамай желіде күдікті қыздың әкесі Антикорда жұмыс істейтіні туралы ақпарат тарады. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов оқиғаға қатысқан адамдардың Антикор қызметкерлерімен ешқандай туыстық байланысы жоқтығын хабарлады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?