Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыДенсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды.
«Қараша айының басынан бастап республикада КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, тәулігіне «КВИ+»-дің 235 дейінгі жағдайы және «КВИ-»-тің 40 дейінгі жағдайы тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттанушылық 21%-ға - аптасына 1001 жағдайдан 1283 жағдайға дейін өсті», - деді Ажар Ғиният.
Бұл ретте барлық өңірлер – жасыл аймақта. Алайда, 15 өңірде R көрсеткіші 1-ден жоғары, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетеді.
«Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің (БСД) қаулысына сәйкес R көрсеткіші 1-ден жоғары болған кезде қоғамдық орындарда маска кию ұсынылады және халық арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет», - деп атап өтті министр.
ҚР ДСМ деректері бойынша, соңғы реттілік қорытындысы бойынша республикада ВА.5 – 86%, ВА.4 – 5%, BQ.1.1 – 0,5%, ВА 5 кіші түріндегі Омикрон штаммы нұсқасының, басқаларының 8,5% айналымы расталды.
Республика бойынша инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылуы – 13%-ды (2136 төсектің 296-сы), реанимациялық төсектердің – 3%-ын (352 төсектің 12-сі) құрайды.
«Тиісті контингентті уақтылы ревакцинациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың жеткіліксіз екенін, бұл халықтың иммунизацияланбаған тобының жинақталуына, аурудың неғұрлым ауыр түрлерін тіркеуге, ал қосалқы аурулар мен өлім-жітім болған жағдайда тіркеуге ықпал ететінініне назар аудару қажет. Осыған байланысты ЖАО-ға тиісті топтарды ревакцинациялауды және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсыруды сұраймын», - деп атап өтті А.Ғиният.
ЖАО басшыларын министр КВИ-ға қарсы вакцинациялау мен ревакцинациялау жүргізуді жандандыруға; келіп түсетін вакцина партиясының 60-90°С температуралық режимде сақталуын қамтамасыз етуге; халықты ревакцинациялаудың маңыздылығы туралы халықтың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуге шақырды.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды