Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыҚазақстанға Әзербайжаннан қылмыстық топ басшысы экстрацияланды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, 2016-2018 жылдары аралығында күдікті Қазақстанға халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелумен айналысқан, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарған қылмыстық топты тікелей басқарды. Осы қызметтің нәтижесінде мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.
Қылмыс жасағаннан кейін ол тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды. Кейін күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды. Әзербайжан Республикасының Бас прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының оны ұстап беру туралы сұрау салуы қанағаттандырылды, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта ол Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды