20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2-5 желтоқсан аралығында Әзербайжан Республикасында Қазақстан Республикасының Мәдениет күндері өтеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл және қазақ-әзербайжан қарым-қатынастарын нығайтуда ерекше рөл атқаратынын атап өткен болатын. Сондай-ақ, іссапар барысында екі елдің мәдениет күндерін өткізу туралы келісімге қол қойылды.
Баку қаласында басталған іс-шаралар халықтарды жақындастырып, олардың терең тарихы мен бай мәдениетін паш етеді.
Мәдениет күндері аясында «HasSak» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің жеке концерті өтеді. Шығармашылық ұжым соңғы 10 жыл ішінде қазақтың дәстүрлі музыкасының қайталанбас жанрларын заман ағымына сай жаңғыртып, ұлттық аспаптарда орындау арқылы дәстүрлі өнерді дәріптеп келеді.
Сондай-ақ, Баку қаласының тұрғындары мен қонақтары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Қарагөз» қойылымын тамашалай алады.
Негізгі іс-шаралар 4 желтоқсанға жоспарланып отыр. Бұл күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен Қазақстанның бейнелеу өнері көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеде әртүрлі жанрлар мен стильдерде жұмыс істейтін қазақстандық суретшілердің 46 бірегей туындысы қойылады. Қылқалам шеберлерінің әрбір жұмысы – қазақ өнері мен мәдениетіне жаңаша көзқарасты көрсетеді.
Мәдениет күндерін Қазақстан өнер майталмандарының гала-концерті қорытындылайды. Іс-шараға Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, «Құрмет» орденінің иегері Зарина Алтынбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Әлішер Каримов, Медет Чотабаев, Әйгерім Бекетаева, «IL Canto», «Violas», «T&Y» топтары мен «Ұлытау», «Сазген сазы» және «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, сондай-ақ, «Фикрет Амиров атындағы Әзербайжан мемлекеттік ән-би ансамблі» қатысады.
Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстанда Әзербайжанның мәдениет күндерін өткізу жоспарланып отыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?