20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДәріс сабақтары мен кездесулер Астана қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінде өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің бастығы, полковник Тимур Сәдуақасов Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Байланыс басқармасы бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, полковник Әділ Настакалов басшылық еткен делегациямен кездесті.
Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, тараптар геосаяси тұрақсыздық ахуалындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелерінің өзектілігін тілге тиек ете отырып, тәжірибе алмасудың маңызды екенін атап өтті. Олардың пікірінше, мұндай өзара іс-әрекет аталған бағыттағы мамандарды сапалы даярлауға ықпал етеді.
Сапар бағдарламасы бойынша шетелдік қонақтар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне, Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи музейіне барып, елорданың басқа да көрікті жерлерімен танысты.
Аталмыш шаралар Қазақстан мен Әзербайжанның қорғаныс ведомстволары арасындағы 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?