Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандағы XII Азаматтық форумға дайындық шеңберінде ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбековтің «Заң және тәртіп – біртұтас қоғамның негізі: азаматтық сектордың рөлі» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдармен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесуге ішкі істер министрлігінің, мәдениет және ақпарат министрлігінің, еліміздің Азаматтық альянсының, үкіметтік емес ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Кездесу барысында ішкі істер органдары мен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу, есірткі қылмысына, киберқауіптерге, экстремизм мен радикализацияға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру тақырыптары көтерілді.
Сонымен қатар, құқық қорғау саласында цифрлық шешімдерді енгізу және ІІМ мен ҮЕҰ арасындағы серіктестікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Форумға дайындық аясында мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып, тақырыптық сессиялар өткізілді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді