6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлордада XI Азаматтық форум аясында өткізілген «Жергілікті бастамалар» әлеуметтік жобалар видео-конкурсының грант иегерлері мен жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, марапаттау рәсімі XI Азаматтық форум алаңында өтті, оған елорда мен өңірлердің үкіметтік емес ұйымдары, қоғам қайраткерлері, волонтерлік қоғамдастық мүшелері және қала әкімдігінің өкілдері қатысты.
Байқауға қатысқан видеороликтер ақпараттық және халықтың әртүрлі топтарының әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған болуы керек.
Жеңімпаздар:
«Семей ЯП» ҚҚ;
«Нұр әлем Қазақстан» ҚҚ;
«Оңалту технологиялары мен тұжырымдамаларының Қоғамдық Қоры»;
«Best For Kids» ҚҚ;
«Мама про» ҚҚ;
«Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ;
«Қазақстан корейлерінің жастар қозғалысы» ҚБ;
«Қара Шаңырақ» ҚБ;
«Strong mother NS» ҚҚ;
Склерозы бар мүгедек науқастардың қоғамдық бірлестігі.
Іріктелген 20 жұмыстың 10-ы 500 мың теңгенің сертификаттарына ие болды, қалған жұмыстардың авторларына естелік сыйлықтар табысталды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі