Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Әзімованың төрағалық етуімен судьялардың қатысуымен азаматтардың Конституциялық Сотқа жолдаған өтініштерін қарауға қатысты мәселелер талқыланды, деп хабаралайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Азаматтың Конституциялық Сотқа өтінішпен жүгіну құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабында бекітілген.
Бүгінгі таңда Конституциялық Сотқа азаматтардан 500-ден аса өтініш келіп түсті. Олардың басым бөлігі екі жылдан астам уақыт бұрын күшіне енген қылмыстық сот үкімдерінің күшін жоюға, тексеруге және қайта қарауға қатысты. Ал "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның 45-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтың өтініші, егер ол сот актісі қабылданғаннан кейін бір жылдан кешіктірілмейтін мерзімде берілсе қарауға жатады.
Сондай-ақ, азаматтардың өтініштерінің 60% - дан астамында соттар конституциялық нормаларға қайшы келетін даулы актілерді қолданған не азаматтың қатысуымен азаматтық немесе әкімшілік істердегі құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты болған нақты жағдайлар көрсетілмеген.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек