23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті болып тағайындалды,деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Киностудияның жаңа басшысын Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таныстырды. Ол «Қазақфильм» киностудиясының жұмысын үйлестіру маңызды да жауапты міндет екенін атап өтті.
Отандық киноөнерінің "қара шаңырағы" саналатын Қазақфильм - ауқымды және күрделі өндірістік ұйым. Былтыр киностудия жанынан "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі құрылды. Мемлекет басшысының киностудия жұмысын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында 87 техникалық жабдық сатып алынды. Алдағы уақытта модернизацияның 2 кезеңін бастау керек, - дейді Асхат Оралов.
Айта кетейік, Азамат Сатыбалды Сұрапбаев 1977 жылы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында дүниеге келген.
Көп балалы отбасында туған. 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға қабылданды. 2000 жылы дипломдық жұмысын қорғауға Қостанай облыстық драма театрына жіберілді.
Еңбек жолын 2001 жылы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынан бастаған. Актер 20 шақты фильмде ойнаған. Бұған дейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік