29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкіміне сәйкес, Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімімен Бостандық ауданының әкімі қызметіне Азамат Қалдыбеков тағайындалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
1984 жылдың 11 қазанында дүниеге келген Азамат Қалдыбеков — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша түлегі. Кейін «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты ретінде АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Дьюк университетінде құқық магистрі дәрежесін иеленген. Сонымен қатар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) ғылыми атағын қорғаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында жетекші маман болып бастаған. Кейін түрлі жылдары Ұлттық банк, «Самұрық-Қазына» қоры және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жүйесінде қызмет атқарды.
2018 жылы Алматы қаласы әкімінің аппаратында бас инспектор, одан кейін Жетісу ауданы әкімінің аппарат жетекшісі болды. 2019-2020 жылдары ол қалалық Жер қатынастары және Жасыл экономика басқармалары басшыларының орынбасары қызметтерін қатар атқарды.
Сол жылы Қалдыбеков Президенттік жастар кадр резервіне енді. 2020 жылдан 2024 жылға дейін Алатау ауданының әкімі болды. Ал кейінгі уақытта Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеген.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек