2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
26 тамыз күні республиканың бірқатар өңірінде төтенше өрт қаупі сақталады, сондай-ақ тұман түсіп, найзағай жарқылдайды, деп хабарлайды El.kz порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ақмола облысының батыс, солтүстік, оңтүстік бөлігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
26 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдап, тұман түседі.
26 тамызда күндіз Атырау облысында 35 градус ыстық болады. Облыстың батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Павлодар облысының солтүстік бөлігінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні найзағай кезінде 18 м/с дейін жетеді. Павлодарда 26 тамызда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні найзағай кезінде 18 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде және Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс