13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Дүниежүзілік банк әлемнің 214 еліндегі ең беделді жыл сайынғы «мемлекеттік басқару индикаторлары» зерттеулерінің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды El.kz Антикорға сілтеме жасап.
Бағалау 6 индекс бойынша жүзеге асырылады: «Сыбайлас жемқорлықты бақылау», «Мемлекеттік басқарудың тиімділігі», «Заңның үстемдігі», «Реттеуші ортаның сапасы», «Саяси тұрақтылық» және «Халықтың пікірін есепке алу және мемлекеттік органдардың есептілігі».
Нәтижелер процентиль шкаласы бойынша көрсетіледі – төмен көрсеткіштері бар елдердің пайызы көрсетіледі.
Сыбайлас жемқорлықты бақылау индексі бойынша Қазақстан кестенің ортасында өз орнын алды. Өткен рейтингте біздің елден төмен нәтижелер елдердің 42% көрсетті, жаңа рейтингте – 48%.
Осылайша, бір жыл ішінде Қазақстан өз позициясын 6 тармаққа жақсартты, ал жалпы соңғы 5 жылда екі еседен астам өсім байқалады. Ағымдағы жылдың көрсеткіші еліміздің осы рейтингке қатысқан барлық уақыт ішінде ең жоғары көрсеткіш болып табылады.
Біздің елден кейінгі қатарларда Аргентина, Бразилия, Индонезия, Марокко, Сербия, Түркия және басқа да мемлекеттер орналасқан.
Деректер Bertelsmann Stiftung, Economist Intelligence Unit, Freedom House, Gallup, IHS Markit World Economic Service, IMD, PRS Group, World Justice Project, World Economic Forum және Varieties of Democracy Project бойынша есептелді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды