Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
– Сіз біздің елге өте ерекше кезеңде келіп отырсыз. Қазақстанның Мажарстанға және Өзіңізге деген ілтипаты зор. Сіз – өзіндік ұстанымыңыз бар Еуропа саясаткерісіз, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Виктор Орбан тыныштық пен тұрақтылық жағдайында жүзеге асырылған Қазақстандағы билік сабақтастығына жоғары баға берді.
– Сіз осындай күрделі үдерісті тұрақтылық жағдайында іске асырдыңыз. Мұны жүзеге асыру оңай емес. Адамдар үшін тұрақтылықтың маңызы зор. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты арта түседі. Сондықтан, мен Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Біз Сізді Мажарстанның нағыз досы санаймыз. Сондықтан, біздің елге шақыруымды қабыл алсаңыз, біз үшін зор мәртебе болар еді, – деді Мажарстанның Премьер-Министрі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек