Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіҚала әкімі Б.Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданы одан әрі дамыту және қала құрылысын жүргізу жоспары жөнінде мәлімет берді.
Елбасы тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасаудың және әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті елорданы одан әрі дамыту ісін әлемдік тәжірибені және қала құрылысындағы заманауи трендтерді ескере отырып, жалғастыру қажеттігін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев елорданы газбен қамту және қала көшелерін көгалдандыра түсу үдерісіне ерекше тоқталды.
Сондай-ақ, қала көшелеріндегі көлік жүктемелерін төмендету, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, экологиялық проблемаларды шешу және Ботаникалық саябақты дамыту мәселелеріне баса мән берілді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік