13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстан мен Корей елдерінің достық қарым-қатынасын одан әрі нығайту мақсатында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалаларында Оңтүстік Корея елінің президенті Мун Дже Ин мырзамен кездесу өтті. Мұндай маңызды іс-шараға Қазақстанның корей этномәдени бірлестіктерінің өкілдері көп қатысты. Олардың қатарында Қостанай облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Игорь Ким мен жексенбілік тіл мектебінің оқытушысы Радмила Ким де бар.
«Президентпен тілдесу мүмкін болмады, кездесуге министрлер, өңірлік корей қауымдастықтарының төрағалары, корей мектептерінің директорлары, кәріс тілінің оқытушылары, кезінде Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударылған кәрістер (100-ден астам адам) қатысты. Кездесуден алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Оңтүстік Корея елінің Президентімен бір дастарқан басында отырамын деп ойламаппын. Президенттің әрбір айтқан сөзі көңілге қонымды, адам жанына жылулық ұялатады. Президенттің өзі Қазақстанда тұрып жатқан кәрістер мен Оңтүстік Корея еліндегі азаматтардың арасындағы байланысты одан әрі нығайту мақсатында бар мүмкіндеіктерді жасауда», - дейді Радмила Ким.
Кездесу аясында Мун Дже Ин мырза «Самал жел» жаңа ынтымақтастық бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды. Бұл бағдарлама жаңа технологиялар, инфрақұрылым, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тағы басқа салалар бойынша нақты жобаларды іске асыруға бағытталған.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды