Кеше, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?
Қазгидромет 7 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы нда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігіне, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-38 градусқа жтеді
Ақмола облысының түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Абай облысының солтүстігінде, батысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-38 градус сақталады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында түнде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл соғады.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауптілігі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, жылдамдығы түнде облысынын солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді
Алматы және Қонаев қалаларында 35-37 градус қатты ыстық болады..
Кеше, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр