13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Қазақстанның бірнеше өңірінде есірткіге тәуелділерді оңалту бөлімшелері ашылады, деп хабарлайды El.kz.
Қазақстанда жыл соңына дейін барлық өңірлік психикалық денсаулық орталықтарында медициналық-әлеуметтік оңалтудың үш кезеңдік бағдарламасы бар бөлімшелер жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының директоры және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас психиатр-наркологы Қуаныш Алтынбеков хабарлады.
Қазіргі уақытта мұндай бөлімшелер Ақмола, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ұйымдастырылған. Барлық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.
«Осындай бөлімдердің бірі қазан айында Солтүстік Қазақстан облысының психикалық денсаулық орталығында ашылады. Жыл соңына дейін басқа өңірлерде осындай бөлімшелер ашу жоспарланған», - деді Қуаныш Алтынбеков.
Оның айтуынша, медициналық-әлеуметтік оңалтудың үш кезеңдік бағдарламасы бар бөлімшелерде есірткіге тәуелділіктен арылуға бағытталған медициналық және әлеуметтік іс-шаралар жүргізіледі.
Сондай-ақ, бұл бөлімдерде пациенттер есірткіні қайта қолдануға жол бермейтін төзімділікті қамтамасыз ететін әлеуметтік дағдыларды, жеке қасиеттерді қалпына келтірумен айналысады.
«Бұл бөлімшелерде есірткіге өздері тәуелді болған, осы жағдайдан шыққан және өз тәжірибесіне сүйене отырып, пациенттердің сауығуына көмектесетін қызметкерлер жұмыс істейді», - деп толықтырды Қуаныш Алтынбеков.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды