29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Актриса Роза Әшірбекова 85 жасқа қараған шағында дүние салды, деп хабарлайды El.kz Ғ. Мүсірепов театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Роза Әшірбекова 1938 жылы 15 сәуірде Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Қазгородок ауылында дүниеге келген. Актриса 1960 жылы академиялық драма театры жанындағы студияны бітіріп, сол жылы Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады.
Роза Әшірбекова 60 жылдан астам ғұмырын өнерге арнап, "Парасат", "Құрмет" орденімен марапатталды.
– Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы марқұмның жанұясына, жақындары мен күллі қазақ жұртына қайғыра көңіл айтады. Жарқын бейнеңізді барша әріптестеріңіз, сүйікті көрермендеріңіз мәңгілік жадында сақтайды, — деп жазды әлеуметтік парақшасында Ғ.Мүсірепов театры.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек