2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында басталған диктант жазуға белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, әртістер мен спортшылар қатысты.
Олардың арасында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұқамедиұлы, белгілі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, қазақстандық әртістер Майра Мұхамедқызы, Роза Мұқанова, Қонысбай Әбілов тағы басқалары бар.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы диктантта 3-4 қате жібергенін айтты. «Басында жылдам жазуға тырысып, 3-4 қате жіберіп алдым. Әсіресе, і мен и, ы мен у әріптерінен жаңылдым. Жалпы өзім ағылшын тілін білемін, сол үшін әріптерді жазу қиын болған жоқ. Смартфонда да латын графикасын жиі қолданамыз. Бүгінді диктантыма 5- деген баға беремін. Барлық отандастарымды латын қарпіне тезірек көшуге шақырамын», - деді министр журналистерге.
Айта кетейік, жалпыхалықтық диктант бір уақытта өңірлердегі тілдерді дамыту басқармалары дайындаған арнайы аудиторияларда өтті. Ұзақтығы – 30 минут.
Диктанттың тақырыбы - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Мәтін 80-ге жуық сөзден тұрды. Диктант аяқталған соң, мәтіннің жазбаша нұсқасы emle.kz, tilalemi.kz сайттарында жарияланып, әр қатысушы жаңа қазақ әліпбиін меңгеру деңгейін тексере алды.
Сондай-ақ, қашықтықтан қатысуға ниет білдірген республика тұрғындары үшін диктантты тыңдау Астана уақытымен сағат 11.00-де emle.kz, tilalemi.kz сайттарында, «Шалқар» және «Қазақ радиосы» арналарында тікелей эфирде қолжетімді болды.
Шараның мақсаты - жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін іс жүзінде меңгеруге дағдыландыру.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова