29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары27 маусымда басталған "Нелегал-2022" жедел-алдын алу іс-шарасы 4 шілдеде аяқталады, деп хабарлайды El.kz порталы ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Полиция шара аясында шетелдіктердің көп тұратын жерлеріне, құрылыс объектілеріне, базарларға, ұйымдардың және шетелдіктердің жалдамалы еңбегін заңсыз пайдаланатын жұмыс берушілерге тексеру жүргізеді, сондай-ақ автокөлік құралдарын тексереді.
– Операцияның екі күнінде көші-қон заңнамасының 3 762 құқық бұзушылығы тіркелді, шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін – 1 239, шетелдіктердің еңбегін рұқсатсыз пайдаланған 207 жұмыс беруші, шетелдіктердің келуі туралы ІІО-ын уақтылы хабардар етпегені және елде болу ережелерін қамтамасыз еткені үшін 1 509 құқық бұзушылық анықталды. Соттың шешімі бойынша елден 322 шетелдік шығарылды, – деп жазады ақпарат көзі.
Соның ішінде 646 адам мәжбүрлеп шығарып жіберу үшін арнайы қабылдау орындарына қамалған. Мысалы, полиция қызметкерлері Шымкентте үш шетелдік азаматты анықтап, ұстады. Тексеру барысында елге мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктін айналып өтіп, заңсыз келгендігі белгілі болған.
– Сотқа дейінгі тергеу барысында оларға тұрғын үйді заңсыз беріп, келімсектердің заңсыз болуына мүмкіндік жасаған Қазақстан Республикасының азаматшасы анықталды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – дейді полициядан.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек