Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді2022 жылғы 27 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Монреаль қаласында (Канада) өтіп жатқан Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 41-ші сессиясы шеңберінде қазақстандық делегация Сейшел аралдары Республикасының авиациялық билік орындарымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Сейшел аралдары Республикасының Көлік министрі Энтони Дерьякуес кездесуі барысында Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы тікелей әуе қатынасы мәселелері және оны одан әрі даму жолдары талқыланды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тарихта алғаш рет меморандумға қол қойды, оған сәйкес екі елдің тағайындалған тасымалдаушылары әр тараптан әуе кемесінің кез келген түрімен елдер арасында аптасына 7 тұрақты рейсті орындау құқығына ие болды. Министр Энтони Дерьякуестің айтуынша, «Эйр Сейшел» ұлттық авиакомпаниясы қол қойылған құжат негізінде келесі жылдың қаңтарында Виктория - Алматы бағыты бойынша тікелей рейс ашуды жоспарлап отыр.
Тараптар екі ел арасындағы туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тікелей әуе қатынасының маңыздылығын атап өтті.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік