2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЖібек Құламбаева биылғы бесінші титулына қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.
22 жастағы Ж. Құламбаева латвиялық Дарья Семенистаямен бірге финалда қытайлық Джинг Лю және босниялық Анита Вагнер жұбын 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Кездесу бір сағаттан астам уақытқа созылды.
Осылайша, Жібек биылғы маусымда ITF жарыстарында бесінші титулына қол жеткізді. Ол спорттық жолында жұптық сында барлығы 19 рет үздік шыққан. Оған қоса, жекелей сында екі мәрте чемпион атанды.
Сондай-ақ қазақстандық жасөспірімдер Бакуде 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe додасында табысты өнер көрсетті. Атап айтқанда, Team Kazakhstan академиясының түлектері Демид Горбачев пен Мансұр Шәкен жұптық сында ешкімді шыдатпады. Олар соңғы бәсекеде ирандық Кираш Ханифи - түркиялық Барук Сиваслиден айласын асырды. Есеп – 6:2, 6:2. Жекелей сында Демид финалда түркиялық Бугра Озкочқа есе жіберді. Есеп – 2:6, 4:6.
Бакуде Ариана Гогулина мен Аружан Нұранбай финалда ресейліктер Влада Гурелева - Ульяна Храбаветцке жол берді. Есеп – 2:6, 4:6. Жекелей сында Ариана тартысты матчта В. Гурелевадан ұтылды. Есеп – 1:6, 6:4, 0:6.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс