29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды El.kz
«Қазақстандықтар үшін танымал әрі сенімді ақпарат көздері қайсы деген мәселеге келер болсақ, онда Internews in Kazakhstan деректерінің статистикасын мысал ретінде айтсақ болады. Қазақстандықтардың басым бөлігі теледидарға сенеді – 58,1 пайыз, екінші орында – интернет сайттар (34,3 пайыз). Бұқараның жартысынан көбі мемлекеттік медиаға сенеді – 51,4 пайыз, тек 9,6 пайызы жеке адамдарға сенеді», - деді министр.
Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында министрлік БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамыту және арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
«2020 жылдан бастап ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл жоспар мемлекет пен медиа саласының жүйелі шешімдерін талап ететін БАҚ саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында әзірленді», - деді Асқар Омаров.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек