12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікӘлеуметтік желіні пайдаланушылар 25.el.kz. сервисі арқылы аватарларын келе жатқан мейрамдарға арнап көркемдеуіне болады. Ол үшін сервисімізге қосымша тақырыптық логотиптер жинақталған батырма қосылды. Сонымен қатар көптеген қолданушылар өз қиялынан туған мерекелік символдарды ойлап тауып, редакцияға жіберуде. Осыған орай сервисімізге «Өз нақышыңды ұсын» атты функцияның қосылғанын еске сала кетейік.
Бүгінгі таңда 25.el.kz сервисi арқылы 114 мыңнан астам ғаламтор пайдаланушылары өз аватарларын патриоттық нақышта безендірді.
«25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр.» патриоттық интернет-акциясының географиялық ауқымы күн өткен сайын кеңеюде. Қатарымызға АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Нидерланды, Ресей, Қырғызстан елдеріндегі қандастарымыз да қосылды.
25.el.kz. сайтында 16 түрлі негізгі патриоттық нақыштағы логотип ұсынылған. Ал, Жеңіс мерекесі мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында 12 жаңа логотип қосылып отыр. Кез келген адам солардың арасынан өзіне ұнағанын таңдап, суретін көркемдей алады.
Акция 2016 жылдың 16 желтоқсанына дейін жалғасатынын еске сала кетейік. Әлеуметтік желілердегі суретіңізді Қазақстанда тұңғыш рет жасалған бірегей жоба 25.el.kz. әлеуметтік сервисі арқылы безендіре аласыз.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер