2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліОрталық коммуникациялар қызметі Президент Жолдауына қатысты қазақстандықтар арасында жүргізілген жедел-сауалнама деректерін ұсынды, деп хабарлайды El.kz
Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың 43,46%-ы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының мазмұнынан жақсы хабардар. Тағы 48,88% жаңа шаралар туралы естіді, бірақ егжей-тегжейін білмейді. Ал 7,67% онымен әлі танысып үлгермеген.
Сауалнамаға сәйкес, Президенттің ұсыныстары ақпараттандырылған азаматтардың басым көпшілігіне оң әсер қалдырды – 80,07%. Ұсыныстың 14,73%-ы бейтарап әсер қалдырды. Теріс әсер туралы 1,11% хабарлады.
Жолдаудың бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдер кезеңінің ұлғаюы (54,15%), Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ын 18 жасқа дейінгі балалардың жинақтаушы шоттарына есептеу (51,27%), ең төменгі жалақы мөлшерінің 70 мың теңгеге дейін өсуі (46,07%), 61 жастағы әйелдердің зейнеткерлік жасын белгілеу (41,53%), 100 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ету (37,87%) және т.б. тақырыптары ақпараттандырылған азаматтар арасында барынша мақұлдауға ие болды.
Зерттеу 1 қыркүйекте еліміздің 20 өңірінде 18 жастан асқан 800 қазақстандық арасында онлайн-сауалнама әдісімен жүргізілді, әр облыстың қалалары мен ауылдары іріктемелі қамтылды. Сауалнама нәтижелерін Қазақстанның барлық халқына экстраполяциялауға болады – зерттеу үлгісі ел тұрғындарының әлеуметтік-демографиялық және аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс