Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады
Қазақстандықтар IPO алаңында алаяқтарға алданбау үшін STOPFAKEIPO сайты құрылды. Себебі бүгінде заңсыз инвестициялық делдалдың белгілері бар 158 ұйым тізімге алынған, деп хабарлайды El.kz
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың атап өтуінше, жеке тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау барысында агенттікке белгілі болған алаяқтықтың әрбір фактісі туралы ақпарат құқық қорғау органдарына, сондай-ақ алаяқтардың сайттарын бұғаттау үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне беріледі.
Агенттік төрағасының айтуынша, «ҚазМұнайГаз» АҚ IPO тақырыбында алыпсатарлық жасайтын алаяқтардың қызметін болдырмау мақсатында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ компаниясы STOPFAKEIPO арнайы сайтын құрған. Онда IPO-ға қатысудың нақты мүмкіндігі және алаяқтарды қалай тануға және олардың құрбаны болмауға қатысты сенімді ақпарат орналастырылған.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, KASE және лицензияланған брокерлік компаниялардың сайттарында алаяқтар туралы ескертулер және IPO бағдарламасының басталуы туралы сенімді ақпарат орналастырылған. 2022 жылдың басынан бастап агенттікке «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ IPO аясында бағалы қағаздарды сатып алуды ұсынатын алаяқтардың әрекеттеріне 4 шағым түсті. Барлық шағымдар тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына, сондай-ақ алаяқтардың сайттарын бұғаттау үшін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жіберілді», - деді ол.
Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?