Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Қазақстандық Денис Евсеев Таиланд челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz порталы.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Д.Евсеев ATP Challenger Tour жарысында бастапқы кездесуін тайбэйлік Сюй Юямен өткізді.
Бірінші партия барысында үшінші геймде Денис брейк жасап, 2:1 есебімен алға шықты. Бұдан кейін Сюй матчты жалғастырудан бас тартты.
Д.Евсеев екінші айналымда франциялық Кириан Жакемен кортқа шығады. Ол таиландтық Касидит Самрейді тізе бүктірді – 6:2, 4:6, 6:4.
Таиландтағы осы додада тағы бір қазақстандық Бейбіт Жукаев алғашқы айналымда үш сетте аустралиялық Омар Ясикаға жол берді – 6:4, 3:6, 3:6.
Бүгін сондай-ақ биылғы «Үлкен дулыға» турнирінің соңғысы – АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайыстары басталады. Мұнда Дмитрий Попко мен Михаил Кукушкин негізгі додаға өтуге тырысып көреді. Д.Попко бүгін италиялық Андреа Пеллегриномен күш сынасады. М.Кукушкин ертең аргентиналық Николас Кикермен шеберлік байқасады.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс