29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
«Соңғы 10 жылда біз 1100-ден астам жолаушылар вагонын жаңарттық. Жолаушы вагондарының орташа тозуы - шамамен 46%. Биыл тағы 73 жолаушылар вагонын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, бизнесті, яғни жеке тасымалдаушыларды қолдау және ынталандыру мақсатында жолаушылар тасымалын субсидиялау, жолаушы вагондарын сатып алу кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау енгізілді. Қазіргі уақытта швейцариялық «Штадлер» компаниясымен еуропалық стандарт бойынша жолаушы вагондарын шығару мәселесі пысықталып жатыр», - деді Қасым Тілепов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, 2029 жылға дейін елімізде 530-дан астам вагон сатып алынады.
«Пойыздарға қатысты белгілі бір көлемде арыз-шағым барын білеміз. Сондықтан бүгінгі алаңға тасымалдаушы компаниялардың өкілдерін шақырдық. Соңғы 5 айда бізге 1000-нан астам өтініш, арыз келіп түсті. Әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, аталған 5 айда 200-ден астам вагон тексерілді, олардан 431 тәртіп бұзу фактісі анықталды. Нәтижесінде шамамен 32 млн теңге сомаға айыппұл салынды», - дейді ол.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек