29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанда алдыңғы аптамен салыстырғанда коронавирус індетінің таралуы 3,6 есеге, яғни, 127-ден 457 жағдайға дейін өсті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
Таратылған мәліметке қарағанда, COVID-19 ауруының таралуы басқа елдерде де өсіп келеді. Мәселен, коронавирус инфекциясына қатысты әлемдік статистика деректері бойынша соңғы 7 күнде індет жұқтыру көрсеткіші 15 пайызға, өлім-жітім 3 пайызға өсті.
«Соңғы аптада Қазақстанда індетті жұқтырудың 457 жағдайының 391-і немесе 85 пайызы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі. Жүргізілген талдау кезінде пациенттердің 80 пайызы КВИ-ге қарсы вакцина алмаған адамдар екені, сондай-ақ вакциналаудан кейін 6 айдан астам уақыт өткен адамдар екені анықталды. Бұл деректер вакциналау КВИ инфекциясынан қорғаудың және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың жалғыз тиімді қадамы екенін көрсетіп отыр», - делінген министрлік мәліметінде.
Қазір тәулігіне 20-21 мың екпе жасалады. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып келеді.
«Республикада коронавирус инфекциясына қарсы үш вакцина бар. Жалпы 2,3 млн доза екпе қамтамасыз етілді. КВИ бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Әсіресе, коронавирус ауруы бойынша жоғары тәуекел тобына кіретін адамдар ревакцинациядан өткені дұрыс», - делінген хабарламада.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек