Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Елімізде 551 білім беру ұйымының басшысы ауысты. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
– Қазіргі уақытта 551 директор ауысып, жаңа білім беру ұйымында жұмыс істеп жатыр. 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың ақпанына дейін министрлік (Оқу-ағарту министрлігі) аудандық білім беру бөлімдері, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық білім басқармалары, мемлекеттік білім беру ұйымдары, дербес кәсіби одақтар бірінші басшылары үшін бұйрық нормаларын түсіндіру бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізді, – деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.
Сонымен қатар оның айтуынша, білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің қатысуымен кеңестер ұйымдарылды. Мұнан бөлек, Оқу-ағарту министрлігі брифингілер өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші басшыларды ротациялау қажеттілігі мен тәртібі туралы сұхбаттар ұйымдастырды.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс