Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікМемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемелдің айтуынша, өткен жылы 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 3 мыңнан астам ер адам мемлекеттен әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды El.kz
«1 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем ата-ананың біреуіне ғана тағайындалады. Яғни не әкесінің атына не болмаса анасының атына. Ал нақты бала күтімімен кім айналысады оны ата-ананың өздері шешуге құқылы», деді Нұрсұлу Кемел орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
Оның айтуынша, өткен жылы елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 385 мың әлеуметтік төлем тағайындалды.
«Оның ішінде 3 мыңнан астамы - ер адамдар. Бұл әлеуметтік төлем баланың әкесіне төленгенін білдіреді», деді ол.
Қор директоры бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем мөлшері ата-ананың соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40%-ын құрайтынын айтты.
Сондай-ақ егер екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалатынын айта кету керек.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді