Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Сухроб Ходжиматов Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) тұрақты өкілінің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды El.kz порталы Ұйымның қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.
Сухроб Ходжиматовтың халықаралық ұйымдарда, мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ жеке секторда бағдарламаларды дамыту және басқару саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
Қазақстандағы БҰҰДБ кеңсесіне тағайындалғанға дейін Сухроб Ходжиматов Әзербайжандағы БҰҰДБ тұрақты өкілі, Түркиядағы БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасары (2017-2022) міндеттерін атқарды. 2013-2017 жылдары Сомалидегі елдік директордың орынбасары және Найроби қаласындағы (Кения) Сомалидегі БҰҰДБ қолдау кеңсесінің директоры, 2006-2013 жылдары Нью-Йорк қаласындағы (АҚШ) БҰҰДБ-ның штаб-пәтерінде және Тәжікстандағы БҰҰДБ-ның елдік кеңсесінде жұмыс істеді.
БҰҰДБ-ға келгенге дейін С. Ходжиматов Тәжікстандағы құқықтық және экономикалық даму бойынша USAID жобаларында бірқатар жетекші лауазымдарды атқарды. Еңбек жолын Тәжікстанның Бас прокуратурасында бастаған.
С. Ходжиматов Тәжік ұлттық университетінің құқық магистрі дәрежесіне және Бүкілресейлік мемлекеттік әділет университеті мен Невада университеті (АҚШ) ұлттық сот колледжінің дипломнан кейінгі дәрежесіне ие.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс