13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАкция аясында елді мекендердің төңірегіндегі рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, қалалардың рекреациялық аймақтарын, саябақтары мен аллеяларын тазарту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды El.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.
Аулаларды тазалау жұмыстарына өңірлер мен ұйымдардың тұрғындары барынша тартылды. Оған еріктілер, экобелсендер, қоғам белсенділері де қатысты. Қатысушылар саны шамамен 330 мың адамды құрады. Бұл 33 мыңнан астам волонтер, 77 мыңнан астам мемлекеттік органдардың өкілдері, 131 мыңнан астам азамат.
Акция барысында 8 мың гектардан астам жер тазартылды. 20 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.
Айта кетейік, жиналған қоқыс сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді. Мәселен, 1,8 мың тоннадан астам шыны, 3 мың тонна пластик, 2 мың тонна резеңке, 2,8 мың тонна қағаз және картон, 1 мың тонна металл берілді.
Акция қоршаған ортаның ластануы және аумақты қоқыстан тазарту тақырыбына арналған дүниежүзілік бастама болып табылады.
Акцияға қатысуға ниет білдірген еріктілердің саны жылдан жылға артып келе жатқанын атап өткен жөн, бұл халықтың экологиялық проблемаларды шешуге тартылуының жақсы көрсеткіші болып табылады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды