Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің барлау органдары мен бөлімшелері «Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуына қатысуда, деп хабарлайды El.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірлескен оқу-жаттығу Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» және «Гвардейск» полигондарында өтіп жатыр.
«Іздеу-2022» оқу-жаттығуының мақсаты бойынша басқару органдары мен контингенттер бөлімшелері ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік өңіріндегі қарулы қақтығысты оқшаулау іс-қимылын пысықтайды.
Оқу-жаттығу барысында Жедел әрекет ету ұжымдық күштерін топтастыру және бірлескен операцияны дайындауда тез өзгеретін жағдайды ескере отырып, үздіксіз барлау жүргізу де ұйымдастырылды.
ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің қолбасшысы қабылдаған шешімді орындау кезінде барлаушыларға арнайы барлау құралдарын қолдана отырып, қарсыластың жасақтарын анықтау міндеттері жүктеледі.
Арнайы оқу-жаттығудың мақсаты – басқару органдарының өзара іс-қимылын жетілдіру, далалық білім деңгейін көтеріп, барлау бөлімшелердің тез арада үйлесімділігін арттыру болып табылады.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік