Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыҚазақстанда ұрлық саны екі есе азайды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрі 2019 жылы ұрлық, мал ұрлау және зорлау ауыр қылмыс санатына ауысқанын айтты.
– Бұл ұрылар мен қылмыскерлерді тұтқындауға ғана емес, оларды қоғамнан оқшаулауға мүмкіндік берді. Қылмыстың қайта жасалуына жол бермейді. Нәтижесінде ұрлық саны 2 есеге қысқарды (2019 жылы – 108 мың; 2022 жылы – 46 мың). Ал мал ұрлағаны үшін жеке жаңа қылмыс құрамы енгізілді. Бұл мал ұрлығын 2,5 есеге азайтты (2019 жылы – 3 292; 2022 жылы – 1 271), – дейді министр.
Зорлау да ауыр қылмыс санатына жатады. Қылмыстың осы түрін жасағаны үшін татуласуға тыйым салынады. Осылайша, күдікті жауапкершіліктен құтыла алмайды. Нәтижесінде бұл қылмыстардың саны да 2 есе азайды (926/451).
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді