Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҒылым және жоғары білім министрі Үкімет отырысында жоғары білім беру саласындағы ұлттық жобаның іске асырылуы туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz
«2021-2022 оқу жылы контингентінің жалпы саны 623 839 адам. Барлығы — 120 ЖОО. 2021 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы 68,9%-ды құрайды. Гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды», - деді министр.
Студенттердің стипендиясы артып келеді.
««Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» бағыты бойынша негізгі көрсеткіш — екі отандық университеттің QS Халықаралық рейтингінің ТОП – 200 қатарына кіруі», - деп атап өтті С. Нұрбек.
Академиялық артықшылық орталықтарын құру жөнінде шаралар қабылданды. 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО іріктелді.
Зерттеу экожүйесін қалыптастыру және серпінді технологияларды дамыту үшін үш ЖОО-ны зерттеу ЖОО-ларға айналдыру жоспарланған. Бұл Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді. 2025 жылға қарай шетелдік жетекші бес ЖОО-ның филиалдары жұмыс істейтін болады.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс